Мұғалімдер қашықтықтан оқыту бойынша арнайы курстардан өтетін болады - министр

Біз қазір мұғалімдерге арналған қашықтықтан оқыту курстарын дайындап жатырмыз, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн-брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз курстар өткізіп, мұғалімдердің осы бағыттағы біліктілігін арттырамыз ба? Әрине, арттырамыз. Біз қазір осындай курстарды дайындап жатырмыз. Өз басым, осы негіздегі бағдарламаның бірнеше нұсқаларын көріп, қарап шықтым. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап, зерделеп отырмыз. Бұл арада ғылыми жағына басымдық берілуі керек, - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бұл мәселеде ғылыми жағына басымдық берілуі қажет, өйткені компьютерді қосып-өшіріп, сондай-ақ zoom платформасын қолдануды үйрету жеткіліксіз болады. Бұл мүлде ондай нәрсе емес. Мен үнемі дұрыс түсінулерін сұраймын, бұл ретте біз IT-құзіреттіліктер, оқыту әдістері, тапсырмаларды қалай беру, қашықтағы жүйе арқылы қалай жұмыс істеу керектігі сияқты кеңірек мәселелер туралы айтамыз. Міне, осы құзіреттіліктердің барлығы әріптестерімізге үздіксіз білім беру аясында оқытылатын арнайы модульдің курсында қамтылатын болады, - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, болашақ мұғалімдер дәстүрлі оқыту тәсілі, сондай-ақ қашықтықтан оқыту тәсілі арқылы да білімдерін жетілдіріп, оқуды тәмамдауы керек. Сонымен қатар, біз барлық ректорларға жоғары оқу орындарын мұғалімдерді даярлауда осы жүйе аясында қашықтықтан оқытудың міндетті модулін енгізіп жатқандығымызды айттық. Болашақ мүғалімдер университетте оқып жатқан кезде де осы технологиялардың, техниканың және құзыреттің бәрін игеруі керек, - деп сөзін түйіндеді Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика