Мүмкіндікті жіберу алмау қажет

Отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен аймақ басшыларына нақты міндеттер жүктеп қабылданған бағдарламалар арқылы берілетін несиелер мен жеңілдіктердің халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.  Осыған орай  ауданда құрамында“AMANAT “ партиясы Индер аудандық филиалының жетекшісі Дәурен Сағынғалиев, аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшылары  Мәмбетқали Құсайынов, Айгүл Үмітқалиева, Ұлттық «Атамекен» палатасы Индер аудандық филиалының директоры Жәнібек Амантурлин бар топ  11 - 15 ші наурыз аралығында ауылдық оруг және елді мекендерде тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Ауданның барлық елді мекендерінде болған топ мүшелері“Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен берілетін несиетөңірегінде және де кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өзгеде бағдарламалар аясында қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды.

“AMANAT “ партиясы Индер аудандық филиалының хатшысы Дәурен Сағынғалиевтың айтуынша тұрғындар осы тақырып аясында өздерін толғандырған сауалдар бойынша партияның аудандық кеңсесіне немесе 2-02-53 байланыс нөмеріне хабарласуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT