МҮМКІНДІКТІ ЖІБЕРІП АЛМАУ КЕРЕК

Отандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен аймақ басшыларына нақты міндеттер жүктеп қабылданған бағдарламалар арқылы берілетін несиелер мен жеңілдіктердің халыққа қолжетімді бол ы н қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған орай ауданда құрамында «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының жетекшісі Дәурен Сағынғалиев, аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп, және туризм бөлімінің басшы - лары Мәмбетқали Құсайынов, Айгүл Үмітқалиева, Ұлттық «Атамекен» палатасы Индер аудандық филиалының директоры Жәнібек Амантурлин бар топ 11-15-ші наурыз аралығында ауылдық округ және елді мекендерде тұрғындары, кәсіпкерлермен кездесу өткізу үстінде. Топ мүшелері алдымен Елтай, Аққала, Есбол ауылдарында болды.

«AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген кездесуде топ мүшелері “Ауыл аманаты» жобасы аясында төмен 2,5 пайызбен берілетін несие бойынша және де кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өзгеде бағдарламалар бойынша қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды. «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының хатшысы Дәурен Сағынғалиевтың айтуынша, аудан тұрғындары өздерін толғандырған сауалдар бойынша партияның аудандық кеңсесіне немесе 2-02-53 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Еліміздегі көшбасшы партия мемлекет тарапынан беріліп отырған осынау мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға мүдделі болып отыр.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521