Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған атыраулық куәлікті қайта алған

Атырау қалалық прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, уәкілетті органның көлік басқару куәліктерін беру заңдылығына талдау жүргізілген.

Талдау кезінде жолда құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыты көзделген.

Нәтижесінде сот үкімімен көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылған тұлғаларға жүргізуші куәлігін қайтадан беру дерегі анықталып отыр. Осыған байланысты прокурорлық қадағалау актісі негізінде жауапты тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

«Сот үкімімен Атырау қаласының тұрғыны көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған. Алайда, оның Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы арқылы көлік басқару куәлігін заңсыз алғаны анықталды. Осы дерекке қатысты жинақталған материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданды», -дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.         

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз