banner_damu

Мешіттерде қандай жағдайда намаз оқуға болады?

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіттерде қандай жағдайда намаз оқуға болатынын, сондай-ақ ұжымдық намаздарға шектеу қойылу себебін түсіндірді.

Індеттің таралуы күшеюі себепті, сақтық шаралары да қатаңдатылуы керек. «Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

«Кезінде мұндай ауыр індеттер тарихта болған. Бұл туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «оба болған жерге бармаңдар. Егер, оба шыққан жерде болсаңыз, сол жерде қалыңдар» деп өсиет еткен.

Демек, індет болған жерде сақтық шаралары да болуы керек. Сол себепті, індеттің күшеюіне байланысты, ұжымдық намазға уақытша шектеу қойылып отыр. Былтыр мешіттеріміз түбегейлі жабық болған уақыт та болды. Кейін ауру сәл сейілген кезде мешіттеріміз қайта ашылды. Бес уақыт намазға, жұма намазына, тіпті, Айт намазына рұқсат берілді. Қазір ауру күшейіп, науқастарды емдейтін ауруханаларда орын болмай жатыр.

«Базар ашық, бес уақыт намазды неге жамағатпен оқымаймыз» деп сұрақ қойып жатқандар да бар. Базар ашық тұрса, азық-түліксіз өмір сүре алмайтынымыз түсінікті. Ал, намазды үйде оқуға мүмкіндік бар. Десе де, жұмыс күндері намазды маскалық режимді сақтай отырып, мешіттерде жеке оқуға мүмкіндік барын жеткізгіміз келеді.

Ал, сенбі, жексенбі күндері мешіт жабық» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

atr.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика