МЕНІҢ ЖЕҢІСТЕРІМ – МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЕҢБЕГІ

Әр адамның өмірінде тек дос құрбы, орта сынды атаулар ғана емес, осы атаулардың бәрінен биік ұстаз есімі тұрады. Себебі, қай салада, қай мамандықта болсын, жетістікке жет кен әр тұлға ұстаздың алдынан білім алған. Кейбір уақыттарда білім берушіні “мұғалім” десе, енді бірде “ұстаз” деген атауды байқаймыз.

Бұл сұрақ менің санамда да пайда болып, оның жауабын тапқандай болдым. Енді соған тоқталсам. Бірде қазақ әдебиеті пәнінен Шыңғыс Айтматовтың “Алғашқы ұстаз” атты повесімен танысқанмын. Автор бұл ту ындысында Алтынай атты білімге жаны құштар оқушы мен Дүйсен атты оның алғашқы ұстазы туралы қалам тербейді. Яғни ата-анасынан айырылып, небір қиындық көрген Алтынай мен оның бойындағы білімге, жаңашылдыққа деген көзқарасын байқап, үмітін өшірмеген Дүйсен ұстаздың бейнесі сипатталады. Басты кейіпкер Алтынай ұстазының білім алу туралы айтқан ұсынысымен басқа қалаға оқуға кетіп, үлкен жетістікке жетеді.

Дүйсен – өзінің асқан ақылдылығымен шәкіртіне тек білім жо лына ғана емес, өмірге де бейімделуіне жол сілтеген дана әрі дара ұстаз. Басқаны айтпағанда, бір ғана туындыдан-ақ оқушының білім алуында, қалыптасуында ұстаздың еңбегі жоғары екенін көре аламыз. Менің өмірімде де шәкірті болғаныма қуанарлық ұстаздарым бар. Осы тұрғыда мен де өзімнің ұстаздарым туралы айтқым келеді. Олар – Дархан Қасанов, Райхан Кенжеғалиева, Айсәуле Боранғалиева, Назгүл Әбуова атты асыл ұстаздарым. Дархан Орынбекұлы бізге спорт түрлерін үйретіп қана қоймай, өзінің ақыл-кеңестерімен көп жолда бағыт бағдар берді. Райхан апайымыз қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығымды оятты. Түрлі байқауларға қатысып, нәтиже көрсету Райхан апайымның берген білімінің нәтижесі деп білемін.

Ал, Айсауле апайым тарих пәнінен білімімді шыңдауға ғана емес, мектеп уақытынан бастап дебат саласынан жетістіктерге жетуіме себепші болса, Назгүл Серікқызы маған кез-келген жағдайға жаңаша көзқараспен қарау керектігін үйретті. Назгүл апайдың әрбір ба стамасына қарап, үнемі ізденісте жүру керектігін түсіндім. Осын дай талғамы мен құндылығы биік ұстаздардың шәкірті болғаныма қуанамын. Олардың қолдауымен облыстық, республикалық байқауларда жеңіске жеттім. Иә, ұстаздарымның өз мамандығын қалай жақсы көріп, қалай атқаратынын күнделікті сабақтарынан көріп жүрмін.

Мен де солардың ізін басқым келеді. Яғни өзімнің болашақ мамандығымды қателеспей таңдадым деп есептеймін.

Анелла НАБИДЕН,

редакция жанындағы

“Қауырсын қалам” үйірмесінің мүшесі,

Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521