Мемлекеттік рәміздер күніне орай Индер ауданында автошеру өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Индербор кентінде патриоттық автошеру ұйымдастырылды. Ел рәміздеріне құрметті арттыруды мақсат еткен шараға 35 автокөлік қатысып, көк Туымызды желбіретіп аудан орталығынан Индер тауына дейін жүріп өтті.

Шеру барысында қатысушылар Индер тауына көтеріліп, тұзды көл жағасында жалғасын тапты.

Бұл шара — ел бірлігін бекемдеп, мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш сезімін арттыратын игі дәстүрдің айғағы.

Еліміз аман, рәміздеріміз асқақ болсын!

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT