МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫ ДЕПАРТАМЕНТ БАҚЫЛАУЫНДА

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі «Сапа» ұғымы қоғамда әрдайым маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапа­сы қызмет берушілердің жұмыс тиім­ділігінің басты көрсет­кіші және ол тікелей халыққа арналуы тиіс.

Өз кезегінде, Департаментпен қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіруімен қатар қызмет беруші органдарда ішкі бақылау шараларын тиісті деңгейде жүргізуге ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, 2024 жылы Департаменттің шұғыл әрекеті нәтижесінде
7 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілген болатын.

Қызмет алушылардың басым көпшілігі жер қатынастары саласы, оның ішінде жер учаскесіне құқық беру, жалдау мерзімін ұзарту, табыстау кезектілігі және қызмет берушілердің қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттеріне қатысты Департаментке жүгінген.

Бұл ретте, шағымдар заңнама аясында зерделеніп, Департаментпен тиісті шаралар қабылданды.

 Бұдан басқа, Департамент мамандарының  сарапшы ретінде қатысуымен 2024 жылы 45 ішкі бақылау шарасы өткізіліп, нәтижесінде 100-ге жуық бұзушылық анықталды.

Аталған бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары саласында орын алған.

Мәселен, «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша тиісті қызметті алу үшін жинақталған құжаттар тізімі толық болғанымен, құжаттардың жарамдылығы тексерілместен, қызмет нәтижесін ұсыну деректері тіркелді.

Атап өткен жөн, жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету заңнамаларына және Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерді қызмет берушілердің уақытылы бақыламауы және қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімін толықтығын ғана емес олардың жарамдылығы мен онда көрсетілген деректердің дұрыстығын тексермеуі салдарынан заңбұзушылықтар кездесіп жатады.

Бұл тұрғыда, Департамент қызмет берушілердің заңнама талаптарын сақтауы және бұзушылықтардың алдын алу шаралары ретінде ішкі мемлекеттік бақылау жұмыстарын қатаң бақылауда ұстайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521