«МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫ БІЗДІ ҚУАНТЫП ОТЫР»

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы басталды және 1 ақпаннан бастап БЖЗҚ-ға Қазақстан азаматтары болып та былатын барлық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсе бастады.

Алғашында ата-аналар тарапынан «бұл төлем ай сайын түседі ме, қолымызға қалай алсақ болады» деген сауалдар туындағаны жа сырын емес. Соған орай, сол сауалдарға жауап іздеп көрдік. Бұл бағдарламаға кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық бала автоматты түрде қатысушы ретінде тіркелген. 2024 жылдың 31 қаңтарынан бастап 18 жасқа дейінгі балалардың нысаналы жинақтау шотта рына Ұлттық қордан алғашқы жинақтар түсіп те қойды. Мамандардың айту ынша, 7 миллионға жуық бала 100,51 доллардан алса, солардың ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады. Рас, бұл қаржы бастапқыда айтылған сомадан анағұрлым төмен.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков оның себебін еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруымен байланыстырды.         – Президент тиісті тапсырма бер ген уақытта бұл қаражат 160 доллар болған. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қарашада тиісті тапсырма берді. Ол кезде елімізде 6,4 миллион бала болды. Ал қазір балалардың саны 6,9 миллион нан асқан. Көрдіңіз бе? Бүгінде бөлінген қаражат көлемі 695 миллион долларды құрады. Осы соманы 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлсек, әрқайсысына 100 дол лар 51 центтен келеді, - деді ол.

Бұл қаражатты бала кәмелет жа сына, яғни 18 жасқа толған соң ғана ала толмаған бала болса да, оған жеке есеп шот ашылмайды. Егер бала кәмелет жа сына жеткенше елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, өзінің жеке есеп шотына талап қою құқығынан айыры лады. Ал егер 18 жасқа дейін бала өз елін ауыстырмай елден кетсе, онда төлемдер мен есепшотқа талап қою құқығын жоғалтпайды. кәмелеттік жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің бір бөлігі жыл сайын есептеліп отырады. алады. Оған дейін есепшоттан шешіп алуға рұқсат жоқ және кәмелет жасына толғаннан кейін жасөспірім өз есеп шотына түскен қаражатты баспана не месе білім алуы үшін жұмсай алады. Президенттің бұл бастамасы балалардың болашағына салынған инвестиция көзі екенін ескерген жөн. Яғни жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі. Мәселен, бала жобаны жүзеге асыру кезінде 5 жаста болса, оған 13 жыл бойы, яғни Жобаның басты шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» тағайындалған. Есепшоттар жеке тұлғалардың дерек қорын негізге ала оты рып, автоматты түрде ашылады. Сонымен қатар, әр жылдың қаңтар айында кәмелет жасқа дейінгі балалардың барлығына жобаның іске қосылған уақытынан бастап шартты түрде түсетін қаражаттың көлемі есептелінеді. Жоба алғашқы жылдың өзінде 7 мил лионнан астам баланы қамтиды.

Айтакетер жайт, жобаға қатысатын балалардың Қазақстан Республикасының азаматы болуы міндетті. Республика азаматтығы болмаған жағдайда кәмелет жасқа «БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары бо лып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады» делінген БЖЗҚ ұсынған мәліметте.

Тағы бір айта кетер ерекшелігі - «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасында балалардың бұл қаражатына салық са лынбайды. Яғни шотқа қанша ақша ау дарылса, 18 жасқа толғаннан кейін бала сол қаражатты түгел пайдалана алады. Иә, өзіне тиесілі соманың игілігін көру үшін бала міндетті түрде кәмелетке толуы керек. Шоттағы қаражатты тұрғын үйге немесе жоғары білім алуына жұмсауға 18 жасқа толған азамат қана құқылы.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының тағы бір тиімді тұсы – баланың жасы 18-ден асып кетсе де, есепшоттағы қаражаттың 5-10 жыл көлемінде сақталып тұруы. Осы уақыт аралығында бала шоттағы қаражатты игермеген болса, жиналған қаражатты зейнетақы шотына аударуға қатысты ұсыныс алады. Сонымен қатар, Ұлттық қор төлемін аудару бала қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Бұл жағдайда мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Он дай баланың мұрагері кім бола алатыны Азаматтық кодекстің айрықша бөлігінде көрсетілген, яғни әр баланың мұрагері нақты жағдайы бойынша анықталады. Аудан тұрғындары да «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы балаларға берілген үлкен мүмкіндік деп санайды.

– Биылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылатынын естіп қуанғанымыз рас. Барлығымыз да баламыздың болашақта жақсы білім алғанын қалаймыз. Сол арманымызға осы қор үлкен көмек болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда әр отбасының материалдық жағдайы әр түрлі. Мектеп бітіргеннен кейін балаларын жоғары оқу орнына оқыта алмай отырған отбасылар бар. Осы ретте қорда жиналған қаражат көптеген ата-анаға көмек болары сөзсіз, - дейді кент тұрғыны А.Жаңбырова.

Ал, көпбалалы ана Г.Шалқарова: - Балалардың өзінің қоры болғаны дұрыс, болашақта көп көмек болады деп ойлаймын. Өзімнің бес балам бар. Үлкенім 19 жаста, кішісі 5 жаста. Болашаққа балаларым қорда жиналған қаражатты білім алуы үшін пайдаланады деген ойдамын. Мемлекеттің осындай қамқорлық жасауы бізді қуантып та стады» - деді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бағдарлама еліміздің балалары үшін ұтымды әрі болашаққа нық қадам екені рас. Сондықтан ел мүддесін жан-жақты сараптаған ұлттық бағдарлама арқылы әрбір отбасы еліміз пай даланып жатқан ұлттық байлық тың игілігін көре алады. 

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT