Мектеп басшылары сәтті өнер көрсетті

Сурет қатысушылардан алынған
  • Мектеп басшылары мен білім беру бөлімдері мамандары арасында І облыстық спартакиада аяқталды. «Каникулдық мектеп» жобасы аясында өткен спартакиада волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, садақ ату, қол күресі, шахмат сынды спорттың 6 түрі бойынша ұйымдастырылды.
  • Жарыстың негізгі мақсаты – білім саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ойын арқылы ұжымдық достықты дәріптеу.
  •  Аталған додада Индер ауданы құрама командасы да бақ сынап, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды, әрі 75 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.
  • Аудандық білім бөлімінің денешынықтыру және әскерге дайындық пәндері бойынша әдіскері Талғат Қарасаевтың берген мәліметінше, жерлестерімізден Асхат Тілекқабылов, Нұртас Құспанов, Мейрамгүл Құрметова құрамында өнер көрсеткен шахматшылар командасы қола жүлдені қанжығаға салды. Волейбол спортынан да осындай жоғары нәтиже көрсетті, әрі Мұрат Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің директоры Қонысбай Оразбаев волейболдан жарыстың үздік ойыншысы атанды.
  • Тоғызқұмалақтан Бөдене орта мектебінің директоры Абзал Тасимов пен армрестлингтен Кулагино орта мектебі директорының орынбасары Альбина Самилихова барлық қарсыластарын жеңіп шықты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваның өзі де үстел теннисінде қарсыластарын ұтып, шебер өнерімен көзге түсті, - дейді Т.Қарасаев.
  • Сондай-ақ, спартакиада барысында индерліктер үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан – 4 орын, армрестлингтан 5-ші орын, садақ атудан 6-шы орынға қол жеткізген екен. Осылайша ұпай саны бойынша командалық есепте қола жүлдені иеленді. Ал, алтын мен күміс жүлделер Құрманғазы мен Қызылқоға командаларына бұйырды.
  • САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521