Марфуға апайдың мерейжасы атап өтілді

Аудандағы қыз-келіншектердің арасынан алғашқылардың бірі болып, Алматыдағы мемлекеттік қыздар институтына түсіп, жоғары білім алып, басқару саласында ұзақ жылдар бойы, атап айтқанда 50-інші жылдардан бастап еңбек еткен, асыл жар, ардақты ана, «Aуданның құрметті азаматы» Марфуға Ахметованың есімі мен еңбегі әрдайым құрметпен аталады.

Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің бөлмесінде әріптестері Марфуға апамызды орталарына шақырып, мерейлі жасқа толуына орай сыйлықтар ұсынып, құттықтады.

Қоғамдық ұйымның жетекшісі Өтеп Қасибаұлы бұл дәстүрлі «Құрмет отауын» ашарда ауданнан шыққан Еңбек Ерлері мен батырлары, даңқты азаматтарға арналған үлкен көрнекілікті тағы бір таныстырып, олардың ізі мен ісін жалғаған Марфуға Ахметқызы сияқты жандардан үлгі алуға шақырды.

Сонымен қатар Қазақстанның «Құрметті журналисі» Сансызбай Базарбаевты да жыл басында толған жасымен құттықтады. Басқалары да осы тілектердің үдесінен көрінді.

С.ХАЛЫҚОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика