Мақтаралдықтарға индерліктер де көмек қолын созуда

Қиындыққа тап болған мақтааралдық отандастарымыздың басындағы ауыр мұңды сейілту мақсатында елімізде бірқатар қайырымдылық шаралары қолға алынып жатырғаны белгілі. Көптің тарапынан қолға алынған осынау оң бастамаға индерліктер де өз үлестерін қосуда.

«Газель» автокөлігінің бір топ жүргізушілері жерлестерін ортақ іске жұмылдырып, азық-түлік, киім-кешек жинақтап арнайы есеп шот ашып қаржы жинау үстінде. Соның бірі Нұрлан Сағиданов:

- Ассалаумағалейкумдер ағайындар, біз мына Рамазан айында Түркістан облысында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Индер ауданы газель жүргізушілері болып қол ұшымызды созуға ниетімізді білдіріп отырмыз. Қасиетті айда сауапқа жазсын деп халықтан да көмек сұраймыз. Азық-түлікпен, кимі-кешекпен болсын Каспи голд карточкамызға да ақшалай көмек корсетуге болады. Осы Газель көліктері Алла қаласа 8 күні таңда жолға шығады, - дейді.

tamak-maktaral

Аудан жастарының бұл бастамасына жергілікті тұрғындар да белсенділік таныту үстінде. «Көп түкірсе көл» демекші, әсіресе жастар тарапынан қол ұшын созушылар өте көп дейді ұйымдастырушылар.

Ауданның белсенді жастарының бірі Дәулетжан Байбақтының айтуынша, кешелі бері 400 мыңға жақын қолма-қол ақша түскен, соның 70 мыңына киім-кешек алыныпты. Қалғандарының барлығына тамақ алынбақ екен.

Қайырымдылықты қасиетті іске балайтын индерліктер жинаған бұл көмек алдағы бір екі-үш күнде мақтаралдық ағайынның қолына табысталмақ.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын.

i

Сұңқар КӨШЕКОВ,

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521