Мамандық таңдау оңайма?

  Адам баласын өмір ағысына дайын тұлға қылып даярлайтын күш ол –Мектеп. Мектеп толық білім беру арқылы берік іргетастың негізін қалаушы. Ары қарай қандай маман болып, қай салаға бет бұратыны мектептен жаңа ұшқан түлек үшін үлкен сұрақ.

  Мамандық таңдау кезінде қателіктерге ұрынбай, жан қалауын тыңдай отырып белегілі бір сала маманы атануға бағыт беру аса маңызды. Осы мақсатта  8 қараша күні Көктем қазақ орта мектебінде Аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырумен, аудандық білім бөлімінің қолдауымен «Менің кәсіби таңдауым» атты оқушыларға кәсіптік бағдар беру шарасы өтті. Шараға мектеп бітіруші түлектер, мектеп әкімшілігі және аудандық мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

  Аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы Т.Бертілеуов мектеп әкімшілігіне, және аудандық білім бөліміне алғыс айта отырып шара шымылдығын ашты. Шара барысында әр-түрлі маман иелері өз мамандықтарының қызығы мен өзіндік қиыншылықтары туралы әңгіме етіп, бастан өткен практикалық жағдаяттар туралы кеңінен тоқталды.

 

-Жалпы біздің мамандық халықпен өте тығыз байланысты. Олардың өмірінің қауіпсіздігіне тікелей біз жауаптымыз десекте болады. Өрт сөндіруші болып жұмыс жасау үшін алдымен жоғарғы бокалаврлық дипломнан бұрын мінез, қайрат, күш керек. Алдағы уақытта өздеріңізді өртсөндіруші, яғни құтқарушы ретінде көргілеріңіз келсе Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға тапсыра аласыздар. Бұл оқу орынының қолайлы тұсы 4 жыл бойы үкімет қарауында болып, ата-аналарыңызға ауырлық салмайсыздар,- деп №5 өрт сөндіру бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны А.Ерғалиев өз мамандығы туралы қысқаша айта кетті.

  Оқушы-түлектер маман иелерін тыңдап қана қоймай, өздері қызыға түскен сала туралы сұрақтар қойып кеш қонақтарымен сұрақ жауап алмасты.

  Индер аудандық білім бөлім бөлімінің әдіскері Т.Аренова:

  -Осы жылдан бастап оқушының белгілі бір мамандықты таңдауы үшін кәсіптік бағдар беретін маманның штаттық тұрғыда жұмысқа қосылғаны туралы ақпаратпен бөлісті. Айтуынша осы уақытқа дейін мұндай жұмыстармен тәрбие ісі жөніндегі маман айналысып келегн екен.

  Шара соңын кеш қонақтары оқушы-түлектерге ақ жол тілеп, естелік суретке түсіп аяқтады.

  Ендеше мектеп түлектеріне белгілі бір саланы меңгеріп білікті маман иесі атансын деп тілек білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521