Мамандықтың жаманы жоқ

Аға буын өкілдерін емен-жарқын ашық әңгімеге шақырған қоғамдық ұйымның жетекшісі Өтеп Нұриев алдымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты маңызды мақалаларының мәніне тоқталып, ұрпақ сабақтастығы, ұлттық тәрбие, салт пен сана тұрғысында сөз саптады.

Онан соң төраға мемлекеттік сыйлығының иегері Жұмагелді Жұмыров бастаған аға буын өкілдері бөденелік көп балалы ана, майталман егінші Жібек Бинахметова мен ісмер Нақыш Құмашқызы, көктоғайлық өнерпаз Қуанышкерей Сүлейменов, еңбекті тракторшылықтан бастаған жоғары білімді техника маманы Үміт Кәрімқызы, жарсуаттық механизатор Тәжіғали Сатышовты мерейжастарына орай құттықтады.

Қазақстанның Құрметті журналисі Ерсайын Көшек Елбасының мақаласындағы алтын адамның киіміндегі алтын түймелер орнатылуының астарында үлкен іскерлік, зергерлік шеберлік жатқанын еске алса, білім беру ісінің үздігі Бақыт Қарекешова өзінің ардагерлер бөлмесіне келген сайын қуанып, жаңа адамдармен танысып, пікірлесіп, жігерленіп шығатынын айтса, Серік Жұқаұлы ісмер Нақыш Құмашқызының ұлттық қолөнерді дамытуға қосып жүрген ерен еңбегіне ризашылық білдірді.

Сол секілді зейнеткерлікте жүрсе де өнерден қалмай ауылдастарына шығармашылық есебін берген өнерпаз Қуанышкерей Сүлейменовтен де үйренерлік тәжірибе көп-ақ. Оны журналист Сансызбай Базарбаев тартымды баяндап, өлең шумақтарымен жеткізді. Ардагер Қуанғали Ғабсаламов пен колледждік жас мұғалім Ғаини Бейімбетқызының тілектері бір арнада тоғысты.

Ал қызықты да тағылымды кездесуге танымал өнерпаз Еркін Әубәкіров халық әндерімен нүкте қойды.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521