Индер ауданы көлемінде 18-20 қараша аралығын қамтитын «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған. Сонымен қатар, құжатсыз мал тасымалдайтын автокөліктерді және өрісте қараусыз жүрген малдарды анықтау шаралары қолға алынады. Кінәлілер анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Аудан көлемінде заңбұзушылықтар туралы біліп, көрсеңіздер міндетті түрде 102 немесе 2-31-36 нөміріне хабарлама берулеріңіз сұралады.
Н.Ахметов,
Индер АПБ-нің бастығы