МАЛ АЗЫҒЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Қыстың қамын ерте ойлайтын шаруагерлер төрт түлік малға қажетті жем-шөпті ысырапсыз жинап алу қамында жүрген көрінеді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Абдировтың айтуынша, 66000 тонна шөп дайындау жоспарланса күні бүгінге 34, 400 тонна шөп дайындалып үлгерген. Оның сыртында өткен жылдан қалған 8 тоннаға жуық шөп бар. Әсіресе «Жарсуат» ӨК мен «АсылАгро», «Нұрет», «Мақсат», «Азамат», «Айсұлтан» шаруа қожалықтары әр уақытты тиімді пайдаланып отыр. Артық қалған шөптің әр рулонын 8-10 мың теңгеден сатуға шығарып отырған жайы бар екен.
Десек те, «Асыл-Агро» шаруа қожалығы трактор жүргізушісін таба алмай біраз кідіріс болған. Салалық бөлім маманы Абай Абдировтың сөзінен ұққанымыздай жалақысы  200 мың теңгені құраса да ешкім қызығушылық танытпай отырған көрінеді.
Сондай-ақ  500 гектар жерге егілген 1500 тонна жоңышқа жиналып, шаруагерлер ерен еңбек үлгісін көрсетіп отыр.

С.КӨШЕКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521