Махамбеттіктер мерекеге тарту жасады

 Индер аудандық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы – елдігімнің тірегі» атты шара етті.

Салтанатты шарада алғаш боп еліміздің әнұраны орындалып, кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов көрермендер мен Махамбет ауданынан келген қонақтарды аудан әкімі Мейірім Қалауидың атынан 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Н.Назарбаевтың елге жасаған елеулі еңбектері мен ғасыр тарихы парақтарына хатталған игілікті істерін атап өтті.

1

Сонымен қатар ауданның экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес қосқан тұлғаларға аудан әкімі мен «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалының Алғыс хатын, ал аудандық мәслихат депутаты, «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин облыс пен аудан маслихатының марапаттарын табыс етті.

2

Мерекелік шара әрі қарай сазды бағдарламамен жалғасын тауып, ауданға арнайылап ат басын тіреп келген махамбеттіктер қонақкәде жасап, өнерлерін ортаға салды. Индер топырағында мәңгілік мекенін тапқан Мұрат баба мен Махамбет батырдың ұрпағына дем беріп ұрандаған көрінісінде олардың рухы қазіргі жастар бойында қылаң беріп тұрғаны С.Құжырбаев, Н.Байахмет, Б.Нұрғалиевтардың айтқан патриоттық сөздерінен байқалды.

12

Жағасын бір өзеннің жайлаған ел,

Желіге құлын-бие байлаған ел.

Дәстүрге адал, өнерді қадір тұтқан

Мың сәлем, өмір тойын тойлаған ел, - деп сахна шымылдығын әсем дауыстарымен қос жүргізуші Бұлан Нұрғалиев пен Дана Ғасырбек түріп, махамбеттік өнерпаздар ән мен күй, мың бұралған биін ұсынды.

5

6

Соның ішінде көрші ауданның мақтанышымызға айналған жерлестеріміз Социалистік Еңбек Ері Маржан Енбаеваға арналған Ә.Еспаевтың «Маржан қызы» мен бард ақын Т.Досымовтың әндерін шырқауын үлкен құрмет деп бағалаған көрермендер ризашылық пен шексіз алғыстарын ыстық шапалақпен білдірді.

3

Мәдени шара квартетің орындауындағы «Махамбет ауданы гимнімен» аяқтады. Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Света Аманшиева мерекемен құттықтай келе, ауданға Махамбет бейнесі бейнеленген кілемше тарту етсе, жергілікті аудан әкімшілігі де сый ұсынды.

Міне, ару өзен Ақ Жайықты бірге сусындап, жайлауын бірге жайлаған, адамдары ежелден туыс боп, достық қарым-қатынасы қан тамырдай араласқан қос аудан мереке қарсаңында бір-біріне осылай өрелі өнерлерін сыйға тартып, құрмет көрсетті.

Ақмарал БОКИРОВА,

Суреттерді түсірген автор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521