Махамбеттік Жәния Шауменова мүгедектігіне қарамастан, қалай кәсіп ашқанын айтты

«Махамбет ауданының тұрғыны Жәния Шауменова фетра, бисер, матадан түрлі бұйымдар жасап, пайда тауып отыр»деп хабарлайды ATPress.kz

49 жастағы ІІІ топ мүгедегі Жәнияның қазіргі уақытта Махамбет ауданы орталығындағы «Аққу» сауда үйінде шағын дүкені бар.

«Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік грант иеленген Жәнияның қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытып, тапсырыс берушілердің саны артып келеді.

- Бұл кәсіпке келуімнің өзі қызық болды. Осыдан 4 жыл бұрын Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі мамандары хабарласып, ауданға мүгедек жандарға қолөнер бұйымдарын жасауды үйрететін шеберлер келіп жатқанын айтты.

«Қолтаңба шеберханасы» әлеуметтік жобасы аясында 10 адам 10 күн оқып, білім алдық. Кейін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау-бизнес» курсын оқыдым. Сөйтіп, біраз машықтанғаннан кейін ғана бизнес жобамды дайындап, 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант жеңіп алдым» дейді Жәния Шауменова.

Қазіргі уақытта Жәния құрақтан көрпе мен жастықтың тысын тігеді. Тұмар, әшекей бұйымдарын, сөмке және тойлар мен басқа да қуаныштарға арнап бонбоньеркилер жасайды. Хоббиін кәсіп көзіне айналдырып отырған Жәния өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі азаматтарды кәсіппен айналысуға шақырып отыр. Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521