Енді Қаройға адаспай барасыз

Жақында Индер ауданына қарасты Жарсуат округінен Қарой жаққа яғни, Махамбет мазарына дейін 5 шақырым сайын жөн сілтейтін сілтеме белгілер орнатылыпты.

Көп жағдайда бұрын атізін салып көрмегендер адасып та кетуші еді.

-Бұл белгілерді Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының директоры, ақын Қойшығұл Жылқышиев жасатып беріп жіберіпті. Қазір Махамбет мазарына дейін орнатып келдік. Белгіде қанша шақырым қалғаны жөнінде сілтеме бар. Бұл Қараойға жаңылмай бару үшін жақсы болды. Бұрын әркімге жол көрсетумен болатынбыз,-дейді Махамбет қорығының директоры Сәрсенбай Дәуітбаев.

silteme

Шынында да ақын мұрасын көзінің қарашығындай сақтап, насихаттаумен келе жатқан ақын Қойшығұл Жылқышиевтің мұнан басқа да мазар басын дамытуға арналған кешенді жобалары барын білеміз. Уақыты келгенде оны да көріп, жағымды жаңалықпен бөлісе жатармыз.

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT