МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНДЕ ӨТКЕН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «ӘБІШ ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНДА ИНДЕРЛІК ЖАЙНА ТАЛҒАТҚЫЗЫ ІІ ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ. АТАЛҒАН КОНКУРСТА ОЛ «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС. ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖОБА БАЙҚАУЫНА» ҚАТЫСҚАН. БҰЛ КЕЗЕҢ БОЙЫНША ЖАЙНА ЖАЗУШЫНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР, ТУҒАН ЕЛ, ЖЕР ТУРАЛЫ ЖӘНЕ СҮЙІСПЕНШІЛІК БАҒЫТТАРЫНДА ЖАЗҒАН ЕҢБЕКТЕРІНЕН ЗЕРДЕЛЕУ ЖОБАСЫН ҰСЫНЫПТЫ. ЖЕТЕКШІСІ АРДАҚ ТӨЛЕУҚЫЗЫНЫҢ АЙТУЫНША ЖАЙНА ОСЫҒАН ДЕЙІН ДЕ ТҮРЛІ БАЙҚАУЛАРДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛҒАН.
– Мен "Әбіш оқулары" байқауына қатынасып, жүлделі орынның иегері атанған сәтте өте керемет әсер алдым. Бұл байқауға дайын - далу барысында мен ең алдымен мектеп, ауыл, аудан кітапханаларынан көптеген мәліметтер жинай бастадым. Алғашында Әбіш Кекілбаевтың өмірі туралы оқып, одан әрі оның шығармаларымен таныстым. Менің бұл байқауда жеңіске жетуіме себепші болған жетекшім Ардақ Төлеуқызы деп білемін. Мені тынымсыз дайындап, үлкен еңбек етті. Сондықтан жетекшіме алғысым шексіз. Бұл байқауға қатысу арқылы түсінгенім Әбіш Кекілбаев – бірі білсе, бірі білмейтін бірегей, талантты тұлға. Оның шығармалары жас ұрпақты сол заманның тағдыры мен тарихынан, адами болмысы мен руханиятынан, ұлттық рух пен адамзаттық құндылықтарынан тәрбие алуға баулиды, - дейді Жайна Талғатқызы.
Аталған конкурстың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымда - рын, ізгілікке, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана- сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Жадыра НАРИМАНОВА