Мұз үстіндегі қауіпсіздікті сақтайық

Сурет tolqyn.kz сайтынан
  •    
  • Индер ауданы бойынша өтіп жатқан жайық өзенінің мұз қалыңдығы 40-45см алайда жылымды жерлер бар екендігін естен шығырмау керек. Сол себепті мұз бетіне шығу өте қауіпті, өйткені мұз өзінің және қардың салмағынан төмен басылып, жарылады. Осы жарықтардан су кіріп, мұз шайылып жұқарады.
              Бірақ балалар осындай қауіптен сезіктенбей, мұз үстінде шығып, бейқам ойын ойнайды, тік жарлардан шанамен сырғанайды және тек балалар ғана емес  қысқы балық аулауды  жақсы көретіндер кәсіби және әуесқой балықшыларда мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Оқыс жағдайға тап болмау үшін қарапайым ережелерді қырағылықпен сақтау керек. Сонымен қатар Мұз үстінде жүруге төмендегідей тыйым салынады :

    - дұрысқатпаған мұз үстіне шықпаңдар;

    - мұз үстінде топ болып тұрмау керек;

    - мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;

    - мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;

    - мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;

    - өткел жоқ жерден автокөлікпен жүрмеңіздер.

    - балаларды ата-аналардың және үлкендердің бақылауысыз мұз қатқан су айдын жағаларында қалдырмаңыз,
  • - биік жардан шана немесе шаңғымен сырғанамаңыз, басқада ойын түрілерін мұз үстінде ойнауға тыйым салынады;
  •  
  •  
  • А.Бақытов,
  • Индер ауданының Төтенше
  • жағдайлар бөлімінің  инженері
  • азаматтық қорғау лейтенанты                                                   
  •  

 

 

 

                    

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521