МӘМС аударымдарды және жарналарды төлеушілердің назарына!

Индер  ауданы бойынша  бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің назарыңызға келесіні хабардар етеді

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30 бабының 6 тармағына сәйкес, есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:
дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей; патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.
Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің   92-1 бабының 1-бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, осы Кодексінің 92-1 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікқе тарту қарастырылған, яғни, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының -20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30%, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға есептелген (ұсталған) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудару қажетілігін ескертеміз.

Туындаған сұрақтар бойынша Қонаев  көшесі №18  Индер  ауданы бойынша Мемлекеттік  Кірістер басқармасы  кабинетке немесе 21611 байланыс телефонға хабарласуға болады.

Салық  төлеушілермен жұмыс және

бақылау бөлімінің бас маманы

Жангалиева Г.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521