Ұлттың ұлық мерекесі

Мемлекеттің ел ретінде танылған сәті республика күні ұзақ жылдар бойы аталмай келген болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұясы Ұлтау төрінде өткен алқалы басқосуда ұлттық мерекелер  мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізу бастамасын көтергені белгілі. Ондағы мақсат республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болатын. Ұсыныс халық тарапынан қызу қолдауға ие болып  қазанның 25 Республика күні болып қайтадан атап өтілетін болды. Өткен жылдан бастап бекітілген мерекенің мән-мағынасы да  артып келеді.

Мен өзім жотасы биік Дендердің бір кездері орталығы болған Есбол ауылында тұрамын. Әртүрлі салада еңбек етіп бұл күнде зейнеткерлік демалыстамын.  Солай бола тұрса да қоғамдық жұмыстардан шет қалмай аудандық қоғамдық кеңестің мүшелігіне қабылданып сан-салалы мәселелерді талқылауға өз үлесімді қосып келемін.

Ертеңіне сенімммен қарайтын мемлекеттің тұғырлы болуына баршамызда мүдделі болуға тиіспіз. Алар асуымыз алда, ауыз біршілікті ту еткен ел ғана биік белестерді бағындырары сөзсіз. Республика күні құтты болсын!

Қайырғали ЖҰМАҚҰЛОВ,

Индер аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521