Үлгілі отбасылар

Сан ғасырлар бойы  қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің жаңғыруы, отбасы институтының дамуы, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беретін  өнегелі отбасылардың  өрісінің нығаюы, отбасылық адамгершілік құндылықтардың қайта түлеу, рухани жаңғыруға жол бастауы сөз жоқ өскелең ұрпақ үшін берер тәмсілі көп екені анық. Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы-қоғам байлығы» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Ауданның әр ауылдық округінен келген отбасыларды аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуова құттықтады.
-Аудан тұрғындары, шара қонақтары Сіздерді халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен аудан әкімдігі атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Қазақ халқы үшін  отбасы қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі  осы отбасында қалыптасады. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әрбір отбасын сақтау-отанымыздың берік болуының кепілі. Олардың әрқайсысына тұтастық пен татулықтың дәстүрін орнықтыруымыз керек»,-деп айрықша атап көрсеткен болатын. Ендеше осынау тағылымды істің береке-бірлігін арттыруға баршаңызға зор табыс тілеймін деді, аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Жалғасқызы.
Арнайы құттықтаудан соң «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына аудан атынан қатынасқан индерборлық Жеңіс Ахатов, Сағидолла Құлғалиев өрліктік Жоламан Бейісов, елтайлық Тұрсынғали Әжібаев, бөденелік Қайрат Саркенов отбасыларын арнайы дипломдармен марапаттады. Сонымен қатар үлгілі жанұяларға Алғыс хат табыс етілді. Олардың қатарында есболдық Қалихан Қарабалин, жарсуаттық Қуаныш Қамзин, көктоғайлық Қалаубай Салиев отбасылары бар.
-Өткізіліп жатырған отбасы күні құтты болсын! Барша бүгінгі Индер ауданы бойынша қатынасып отырған отбасыларды «Мерейлі отбасы» марапатымен шын жүректен құттықтаймын!,-деді ардагер ұстаз Мағиса Алпанқызы бізбен әңгімесінде
Өткен 2014 жылдан бері аталып келе жатқан ұлттық конкурс қатынасушыларын ұлықтаған салтанатты шара соңы аудан өнерпаздарының өнер көрсетуімен жалғасты.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521