Әлем чемпионатында индерлік Ерлан Өтепов жартылай финалға жолдама алды

 

2025 жылғы 13-15 мамыр аралығында Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында пара дзюдо бойынша әлем чемпионаты өтуде.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) президенті Ильгар Рагимов, IBSA дзюдо комитетінің төрағасы Янош Тардош, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, дипломатиялық миссиялар, ұлттық федерациялар мен серіктес ұйымдар қатысуда.

Биылғы чемпионатқа 38 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысып отыр. Жарыс барысында 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 16-сын Паралимпиада ойындарының бағдарламасына кіретін салмақ дәрежелері құрайды. Қалған төртеуі – жаңадан енгізілген салмақ санаттары бойынша үлестіріледі. Бұл турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына іріктеу мәртебесіне ие.

Чемпионатқа Қазақстан атынан қатысып жатқан спортшылардың қатарында Атырау облысы, Индер ауданының өкілі Ерлан Өтепов те бар. Ол J1 санатындағы +95 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауда. Қазіргі таңда Өтепов ширек финалда моңғолиялық қарсыласы Ерденебилег Лхагвадоржды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Еліміздің және өңіріміздің намысын халықаралық аренада қорғап жүрген Ерлан Өтеповке сәттілік тілейміз.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT