Қырда қыс жайлы

Биыл қаңтар айы жаңбырмен басталып, қыстан сән кетіп, әбігерге салды. Алайда жауыннан соң лезде аяз тұрып, үсті-басы дымқыл малға суық өтіп, ығып кете жаздады. Енді, міне, айдың екінші онкүндігінде қар қалыңдау түсіп, қырдағы малдың қораға қарайлайтын түрі бар. Бүгінде аудан бойынша 280 қыстақ болса, онда 65 мың тонна мал азығы дайын тұр.


Сонымен әлі де құбылмалы ауа райы сақталып тұр. Соңғы күндердегі аяз ғана нағыз қыстың көрінісін беріп, дала ақ көрпеге оранды. «Бір елі қардың екі елі аязы бар» демекші, далада аяз ызғарлы желмен 30 градусқа дейін жеткен. Қара қой байғұс шамалы аязға тоңа қоймағанмен, ірі қара дірдек қағып, түске дейін пішенге шығын болады. Оның үстіне малдың іші өсіп, алда төлдейтін уақыт таяп келе жатыр. Осының бәрін малшы ағайын есепке алып, әр кезеңге асқан дайындықпен келеді.


-Қыс әзірге жайлы өтіп жатыр. Қар тегіс жауғанмен, сиырдың бауырын қағардай емес. Дегенмен, өткендегі жіпсілеңнен кейін қар қатып, енді малдың аяғына тиіп тұр. Осы жағы төрт түлікке қиындау. Әзірге құметектегі мал тегіс шөпке тұрған жоқ. Қаройға қарай Тереңқұдық, Жұлдыз, Сазды қыстақтарындағы шаруагерлер Нұрым Абдолов, Нұртас Молдашев, Мұрат Қуанов, Бертілеу Төленовтермен байланысып тұрамын. Ит-құстан аман қалыпты,-дейді «НұрЕт» шаруа қожалығының иесі Мұрат Ілиясов.

Ал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы М.Құсайыновқыс қалыпты өтіп жатқанын, дегенмен алдағы уақытта малшыларды тегіс аралап шықпақ ойлары бар екенін айтады. Әзірге шаруагердің жағдайы
жаман емес.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521