Отан қорғаушылар күні Астанада өткен әскери парадқа Ақтауда теңіз жаяу әскері сапында әскери борышын өтеп жатқан елтайлық Айбар Жетісұлы да қатысты. Бұл теңіз жаяу әскер ротасын "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Генерал-майор Бауыржан Артықов бастап шықты.
Айбар, үйдің тұңғышы. Әкесі Жетіс Үштөбе қыстауында шаруа қожалығымен айналысады. Бүгінде төрт түлігі төлдеп, төскейде қозы-лақ ойнақ салуда. Ата-анасы балаларын әскери парадтан көріп қуанып, Отанына адал ұл өсіргендеріне шүкіршілік етеді.
Ж.Ісім
Индер ауданы