Индер ауданында су тасқыны баратын аймақтың бірі Құрылыс ауылы. Бұл маңға жауапты аудан әкімінің орынбасары А.Мурзиннің айтуынша қазір 5,6 км бөгеттің шамамен 1,2 шақырымы қалыпқа келтірілген. Жұмыс барысында 7 Камаз, 2 тиегіш, 1 шынжыр табанды трактор, эксковатор өзге де қуатты техникалар бар. Сонымен қатар ауыл тұрғындары 4,5 мың қапшыққа құм салып, дайындап қойған.
Тасқынның алдын алу жұмыстары әлі жалғасуда.
Құрылыс ауылында суға қарсы штаб қарқынды жұмыс жасауда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 373
