Көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде

Индербор кентінде 11 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күрделі жөндеудің іс-шараларын жүргізу мақсатындағы конкурстың нәтижесінде «БатысСтройСервис» ЖШС-і, «ҚұрылысТаймКонтракт» ЖШС-і, «Dizain-D.A.» ЖШС-і мердігер болып танылды.

fb_img_1622224953876

Айта кететін жайт, үйдің жертөлесін, кіреберісін, ішкі желілерін жөндеу жұмыстары тұрғындардың тарапынан жүргізілуі тиіс.

fb_img_1622224962287

Осыған орай, кент және аудандық ТҮКШ бөлімінің мамандары әр көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, «мүлік иелерінің бірлестігін» құру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондықтан тұрғындарды 2-17-68, 8775 848 17 95 нөмірлеріне хабарласу арқылы бірлестік құруға шақырамыз!

fb_img_1622224957876

Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Б.Е.Иманғазиевтің айтуынша, қазіргі таңда Қонаев 17, 19, 22 және Майдыров 1, 1а үйлерінің шатырының каркастары құрулы тұр. Қонаев 19 үйдің 1 қабатының балкондары толықтай жөнделіп, кіреберіс терезелері жаңартылды.

Сонымен қатар, Бейбарыс 1,2,3,4,6,7 үйлердің де сыртқы әрлеу жұмыстарын ағымдағы жылы жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта құжаттамалары сараптамада қаралып жатыр.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521