Конституция күніне орай неше күн демалыс беріледі?

Қазақстанда биыл тамыз айында 20 жұмыс күні мен 11 демалыс бар, деп хабарлады tengrinews.kz

Күнтізбедегі сенбі мен жексенбіден бөлек, қазақстандықтар 31 тамызда да демалады. Себебі Қазақстан Конституциясы күніне берілетін демалыс жексенбі, 30 тамыздан дүйсенбіге ауыстырылып, 3 күн демалады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетiнiң Ата заңы. Ол 1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу, яғни бүкiл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.

tamyz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521