«Компот» кафесі ашылды

Индербор кентінде халыққа қызмет көрсету орталықтары жыл емес, күн санап көбейіп, жаңа жұмыс орындары жиі ашылып жатқанына көпшілік те қуанышты.

Соның бір айғағындай, өткен сенбіде Барлаушы мөлтек ауданындағы Ш.Уәлиханов көшесі бойында кәсіпкер Айнұр Қонысбайқызының отбасылық «Компот» кафесінің салтанатты ашылуы өтіп, алқызыл лентасы қиылды. Заманауи үлгіде салынған нысанның басқаларға қарағанда өзгешелігі де жоқ емес. Мұнда келушілердің «Балалы үй базар» демекші, ішіне кірсе шыққысыз етіп, көз қызықтырар ойыншықтарға толы сәбилерге де арнайы ойын бөлмесі жабдықталған. Мұның өзі келуші әр қонақтың бос уақытын алаңсыз демалып, балаларының да бойын сергітіп, көңіл көтеруіне қолайлы.

dsc_1638

-Бұл алдымен халал орын болып саналады. Сондай-ақ мұндай орындарға келушілердің көпшілігі жастар ғой. Ал олардың бір өзекті мәселесі балаларын осындай демалыс сәттерінде, уақытша қарай тұратын, ойнататын тәрбиеші табу қиын-ақ. Сондықтан да біз екі жақты тиімділік негізде оны да ойластырып қойдық. Енді әрбір тұтынушы бізге сәбилерімен, ал ата-әжелер немерелерімен келіп, жайлы отыруларына болады,-дейді жас кәсіпкерлер.

dsc_1652

Сонымен бірге жаңа ашылып отырған нысанға 6-7 қызметкер жұмысқа тартылмақшы. Бұл жөнінде жұмыспен қамту орталығымен де бір бөлек келісім жасалу үстінде.

Қайткенде де аты да, заты да өзгеше кәсіпкерлік жаңа нысан жұмысына сәттілік тілейміз.

А.БОКИРОВА

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика