Колледж жұмысына жаңашылдық керек

Парламентке Атырау облысынан сайланған Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменованың ауданға сапары Жарсуат және Есбол ауылдары тұрғындарымен ашық кездесулерге ұласты.

Кездесулерді аудан әкімі Мейірім Қалауи жүргізіп, Мәжіліс депутаты Парламентке түскен заңдардың талқыланып, қабылдануына қатысты бірқатар мәселелерді сөз етті. Алдымен өткен жылдардың өзекті тақырыбына айналып келген «Педагог мәртебесін» нақтылаған Заң жобасы мен көп балалы аналарды қолдау, әлеуметтік әлсіз топқа жатқандарға берілетін атаулы көмек тәртібіне енгізілген өзгерістер жайы көбірек сөз болды. Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың көпшілігі де осы тақырыпты қамтып жатты.

Атап айтқанда Жарсуат ардагерлер алқасының төрағасы Талғат Тасқарин соңғы кезде Мәжіліс пен облыстық әкімшіліктен бірнеше депутаттар мен басшылар келіп, осындай кездесулерге қатысып, тұрғындар сауалдарына жауап бергендеріне ризашылық білдірді.

zhiyn

Ал, зейнеткер Тыныштық Азанов жол-көлік оқиғаларына байланысты алынған заңда, малын машина қаққан жүргізушіге емес, онсыз да қолындағы қарасынан айырылып, жапа шеккен тұрғыннан жауапкершілік сұралуының мәнісін анықтай түсуді ұсынды. Мұғалім Қоныс Жаналисов педогогтарды тиісті жұмысына қатысты емес салалардағы міндеттерді атқаруға Заңда нақты тыйым салатын бапқа қатысты ойын ортаға салды. Тұрғын Гүлбаршын Текешова ауыл мен ауданда білікті дәрігерлер жоқтың қасы екендігін, екі жылдан бері науқастығына қатысты порталға тіркеле алмай жүргендігін және орыс тілі мен ағылшын пәндерінен беретін ұстаздар біліктілігін жетілдіру жайын жеткізді.

Ал Есболда өткен жиында аудандық мәслихат депутаты О.Ділмұқашева 18 жасқа дейінгі балалардың тізімін алуды мұғалімдерге жүк қылмай, басқа жолын қарастыруға болмас па деген ойын айтты.

khalyk

Ашық әңгіме үстінде аудан әкімі Бақытгүл Қайыржанқызының осы сала маманы ретінде жастарға кәсіптік білім беретін колледждердің жұмысына болашақта жаңашылдық көзқараспен қарау қажеттігін, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында ауылдық елді мекендерге агро аймақ құрып, заманауи технологиялармен қамтуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе деген ойын ортаға салды.

Сондай-ақ аудан бойынша апаттық жағдайдағы 16 және құжатсыз үйлер барлығын, сонда қиын жағдайда өмір сүріп жатқан тұрғындардың жағдайын жақсартатын бағдарлама қарастырылса деген ұсынысын жеткізді.

Ашық пікір алысу, сұрақ-жауап жағдайында өрбіген кездесуді аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы қорытындылап, халық қалаулысына көпшілік атынан алғыс айтты.

Мәжіліс депутаты жиындардан соң тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, әлеуметтік нысандарды аралады.

fok

«Дендер»-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика