КӨКТОҒАЙДА КҮН ПАНЕЛІ КӨБЕЙДІ

Жалпы алаңы 3024 шаршы метр болатын 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсырған Индер ауданы Көктоғай ауылы тұрғындарының мал мен егін шаруашылығын дамытуға, сол арқылы мал басын өсіріп, табысын молайта түсуге ынталары жоғары.

Мәселен, бір ғана «Тама-Кен» шаруа қожалығы «Агро несиелендіру корпорациясы» арқылы 89 млн теңгеге 256 бас жылқы, оның ішінде 16 бас асыл тұқымды аталық жылқы сатып алды. Сондай-ақ 7 шаруа қожалық күн панельдерін сатып алып, игіліктеріне жаратуда. Округтегі «Алға-1», «Шархат», «Көктерек», «Шаңырақты», «Манас», «Құлыншақ», «Тама-Кен» шаруа қожалықтары бақша, көкөніс дақылдарын, жоңышқа өсірумен айналысып отыр.

Олар дайындаған өнімдерін Атырау қаласы және аудан базарларына, дүкендерге тапсырып, қолжетімді бағамен ауыл тұрғындарына сатады. Сонымен қатар «Құлмұқан», «Райымбек», «Жетібай», "Уәли-Ата", «Жанбай», «Алға-1», «Көктерек» шаруа қожалықтары облыс, аудан көлемінде өткізіліп жүрген жәрмеңкелерге жиі қатынасып жүр. Нұрсұлтан қаласында өткізілген жәрмеңкеге округтегі «Уәлиата», «Алға-1» шаруа қожалықтары ет-сүт өнімдерімен қатысып келді.

С.ХАЛЫҚОВ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз