"Көктем" саябағы жөнделуде

Индербордың оңтүстік қақпасынан ішкері қарай қаз-қатар созы[1]лып жатқан саябақ кент қонақтарына бірден көзге түседі. «Көктем» мөлтек ауданында орналасқан бұл саябақта бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде. Ескі төсемтастары ауыстырылып, балаларға арналған ойын алаңдары жаңартылуда. Жобаға сәйкес саябақтағы жарық шамдары мен қоршаулары және суару жүйесі қалыпқа келтіріліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

-Оралдық «ЖайықПромсервис» ЖШС мердігер мекеменің атқаруымен қазір бұл жөндеу жұмыстарының дені аяқтала келді. Қазір саябақтың тазалығы мен қауіпсіздігін қадағалап күтіп ұстауға бағбаншыны қызметке алудамыз, - деді Индербор кенті әкімі Шалқар Алмурзиев сөзге тартқанымызда.

Сонымен қатар кент әкімі осы саябақпен жалғас Атырау-Индер жолындағы жасыл белдеу мен «Жеңіс» және орталық саябаққа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетіндігін, қазір тендер өтіп, жеңімпазы анықталуда екендігін атап өтті.

Кенттің тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін осындай жасыл желекке оранған бақтардың көбейіп, жаңара бергенін тілейміз. Ал саябақты таза ұстауға, оған жанашыр болуға баршамыз атсалысайық.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT