Құлсарының 257 көшесіне жол салынбақ

Биыл Жылыой ауданында жол құрылысы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылмақ.

Құлсары қаласындағы автомобиль жолдарының қайта жаңғырту (4-кезең) бойынша жұмыстар 2025 жылы ІІ тоқсанында басталады. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, бұл жоба шеңберінде Құлсары қаласының 257 көшесіне жалпы ұзындығы 76 шақырым автомобиль жолдарын салу жоспарланған.

Ақмешіт тарихи-мәдени туристік орнына автомобиль жолының жалпы ұзындығы 34,8 шақырым. Автомобиль жолы техникалық шарттарға сәйкес IV санатқа жатады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы ІІ тоқсанда бастау алады.

Құлсары қаласы Ұ.Абдрахманов көшесі бойында орналасқан автомобиль көпірін жөндеу мақсатында 2024 жылы 4 тоқсанда ЖСҚ жасақталды. Көпірдің ұзындығы -24,9 метр. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылы ІІ тоқсанда бастау жоспарланып отыр.

Құлсары қаласының Ы.Алтынсарин, М.Танкыбаев, М.Кенганов, №88, Нарынбай батыр, Ш.Ізбасов көшелеріне жалпы ұзындығы 6 шақырым орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында техникалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. 

Ағымдағы жылы Тұрғызба тасжолына және Құлсары қаласы Нұрманов және Сариев көшелерін жалғайтын автомобиль көпіріне үдеткіш және тежеу жолақтарын салу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін жолдың жалпы ұзындығы - 1040 метр.

Жылыой ауданындағы 22 әлеуметтік нысан алдына автотұрақ салу жұмыстары бойынша жоба жасақталып, 2024 жылы 16 автотұрақтын құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 9 автотұрақтың құрылыс жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы қалған 6 әлеметтік нысан алдына салынатын автотұраққа жұмыстары 2025 жылдын аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT