Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана қыркүйекте бастап пайдалануға беріледі

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен келіп, Болашақ ықшамауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының жүру барысын тексерді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тасқыннан үйі зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана құрылысы өндірістік кестеге сай жүріп жатыр. Жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 77-сінің іргетасы құйылды, 62-сінің қабырғасы қаланды, 12-сінің төбе жабындысы жабылуда. Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 209 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте бастап беріледі. Вице-министр жауапты басшыларға жұмыс күшін көбейтуді, құрылысты бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521