Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша аудандағы бүгінгі ахуал.

Ауданда су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр. Барлық учаскелер арнайы техникалар мен кажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Қазіргі таңда, аудан бойынша аталған жұмыстарға 60 шақты арнайы техника жұмылдырылса, алдағы уақытта қосымша 10-ға жуық техника тартылмақ.
Сонымен қатар, қапшыққа құм толтыру жұмыстарына аудандық ТЖД-нің жеке құрамы, ауылдық округтердегі мекеме қызметкерлері мен еріктілер көптеп жұмылдыруда.
Бүгінгі күні жалпы адам күшімен 50 мыңға жуық құм толы қап дайындалды.
Жайық өзенінің 6 сәуір күнгі сағ 8:00 жағдайымен 3,07 м. Әзірге ауданда ахуал қалыпты.
Жұмыстар тәулік бойы жүріп жатыр. Қосымша ақпарат хабарланады.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT