Кітап - тарих, шежіре

Индер аудандық орталық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған “Ұлттық кітап күні” мерекесіне орай жас оқырмандардың демалыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында орталық саябақта «Кітап -тарих, шежіре» атты шара өтті.
Таза ауада балаларға арналған ертегілер, қойылымдар және сүйікті кітаптары туралы айтып, олардан үзінділер оқыды. Балаларды шығармашылыққа баулу мақсатында тапқырлық пен ептіліктері сыналатын әр түрлі ойындар, жұмбақтар қойылып, флешмоб биленді.
Бұл мереке — кітаптың мәңгілік құндылық екенін, оның адамзат өркениетін алға сүйреудегі рөлін еске салар ерекше сәт.
Қай заманда болсын, кітап оқыған ұлт — ойы озық, рухы биік ұлт. Сондықтан да бұл мерекеде айтылған әрбір ой, оқылған әрбір кітап — болашағымызға бағытталған рухани инвестиция. Кітап оқудан жалықпайық, рухани байлығымызды арттыра берейік!
 
Гүлзина Азанова,
кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT