"Хан шатыр" иелері ардагерлерге тағы да тосын сый жасады

23 ақпан - Отан қорғаушылар күні, кеңес дәуірі кезінде тойланған бұл мейрамды бүгінде біздің елде тойлайтындар бірен-сараң. Алайда, бұл мейрамды жеке кәсіпкер Ақмаржан Сайлауқызы ауданымыздағы бір топ ардагерді «Хан шатыр» мейрамханасына шақырып, дастархан жайып құрмет көрсетті және сый-сыяпаттарын ұсынды.

Дастархан басында басқосқан ардагерлер өздерінің жастық шақтарының соғыс кезеңі мен одан кейінгі жылдардағы елдегі қиын кезеңдерін еске түсірді.

-Жау шебі Сталинградқа жақындаған шақта, ауылымызда кешкілік жарық жағылмайтын, терезелердің бәрі қараңғыланып тұрды. Себебі,  зеңбіректер мен жау ұшақтары аспанымыздан ұшып өтіп, тастаған бомбаларының дыбыстары естілетін. Қиын кез еді, тамақ тапшы болды. Өмір сүру үшін құмаршық теретінбіз. Халықты құтқарған осы- құмаршық еді -, деп еске алды ардагер Тілекқабыл Есқалиев.

t

Сонымен қатар аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Өтеп Нұриев және ардагерлер Сағындық Құрманқұлов, Серік Қазиев, Жолдасқали Өмірбаев, Қабижан Қапиз, Өтеген Ақышев тілектерін арнап, мейрамхана ұжымына алғыс білдірді.

Шарада соғыс жылдары туралы бейне-көрсетілімдер тамашаланды және Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп оқушылар өнерлерін көрсетті. Ардагерлерімізді вальске шақырып, көңілдерін сергітті.

Кәсіпкер Ақмаржан Сайлауқызы ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, бүгінде бұл іс-шара төртінші рет өткізіліп отырғандығын жеткізді. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» демекші, бұл шара ардагер қарттарымызды ұмытпай, олардың жас-ұрпаққа беретін патриоттық тәрбиесін көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырғанын, алдағы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен жалғасын табатындығын айтты. 

Сондай-ақ Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлер туралы фильм әзірлеп жатқандығын, ол мамыр айында жарық көретіндігін хабардар етті. 

 Тоғжан САЙЫН,

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521