Халықтың жағдайымен санасу керек

Кешегі Президенттің халыққа арнаған Жолдауын мұқият тыңдап шықтық. Бұл біздің дәстүрлі әдетімізге айналды. Өйткені бағдарлы баяндамада еліміздің алға қарай даму жоспары нақты белгіленген. Енді осы Жолдаудағы Президент тапсырмасын орындау үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбек етуіміз керек.
Соның ішінде біздің жанымызға жақыны, яғни саламызға тоқталар болсам ол - жаңа Салық кодексін әзірлеу. 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: 
- Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналды. Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қалдырған абзал. Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген инвесторларға артықшылық беруге болады. Яғни, құрылыс салуға, активтерді сатып алуға, жаңғыртуға және қайта құруға бір реттік салық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерге жеңілдіктер беру маңызды. Олар бизнеске қарағанда көбірек қолдауға ие болуы керек. 
Үкімет пен Парламентке жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жан-жақты талқылау жүгізуді тапсырамын.
Қиын болса да, дұрыс шешім қабылдау қажет. Бұл жерде асығыстыққа жол беруге болмайды. Жаңа Салық Кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болады деп санаймын, - деді.
Шын мәнісінде Президент дұрыс айтып отыр. Ең бастысы, халықтың жағдайымен санасып шешім қабылдау бар. Бұл – өте дұрыс қадам. Мысалы, біздің аудан бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы бұқарамен біте қайнасып келе жатқаннан кейін көп нәрсені біліп отырамыз. Сондықтан да қазір қарапайым, табысы аз тұрғындарға салық көлемін азайтып, ірі кәсіпорындарға басқаша қарау көзделуде. 
Сондай-ақ бұрын берешектердің есепшоттарын бұғаттап тастайтын. Ойлап қарасаңыз одан кім, не ұтады. Ол бизнесмен ісі тұралағаннан кейін салығын мүлдем төлей алмай қалуы мүмкін. Айналып келгенде кәсіпкерліктің тамырына балта шауып алмаймыз ба. Сол себепті Президент қайткенде де қолайлы жағдай жасап, халықты қинамау қажет екендігін басты назарға ұстап отыр. 
Шайхат Сағынғалиев,
Индер ауданы бойынша кірістер басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT