“Халық" театрлар фестивалі ауданымызда

   Ауданымызда Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,драматург-жазушы,сатирик Есенжол Домбаевтың 85 жылдығына арналған “Халықтық” театрлар арасындағы облыстық фестивалі бастау алды.Тамыздың 23-24 аралығында Аудандық мәдениет үйінде облыстан жиналған өнерпаздар Есенжол Домбаевтың шығармаларынан қойылымдар қоятын болады.
- Қазақ өнеріне деген қызығушылығы ерекше болған көрнекті жерлесіміз Е.Домбаевтың атын ұлықтау мақсатында өтіп отырған шараға қош келдіңіздіер.Бұл шараны негізі осыдан 4-5 жыл бұрын ұйымдастыру жоспарда болған,бірақ білесіздер әр түрлі жағдайлар,пандемиялық жағдайларға байланысты кейінге шегерілді.Құрметті аудан тұрғындары және алыс-жақыннан келген қонақтар,әріптестер біздің “Ақжайық” халық театры,Аққала ауылындағы және Жарсуат ауылындағы халық театрларының театр өнеріне деген құрметпен,қызығушылықтарын арттыру мақсатында басымызды қосып отырмыз.Жерлесіміз Е.Домбаевтың қазақ әдебиетінде алатын орынын білесіздер,қазақ әдебиетіне қызығушылығы бар әр адам “Абай жолы” шығармасымен қоса “Жаман жәутік” шығармасын білмейтін адам жоқтың қасы деп айтуға болады.Сол көрнекті жерлесіміздің ізін басар жасбуындар ауданымызда көбейсін деп тілек айтамыз.Халық театрлары-бұл үлкен сахналарға жол ашатын көпір десек болады,қилы кезеңдегі қазақ тарихынан бастап,қазіргі қоғамда болып жатқан жағдаяттарды сахна төріне шығара отырып халыққа үндеу жасаушы.Ендеше баршаңызда қош келдіңіздер,шараға сәттілік.Шын мықтылар жеңіске жететін,үлкен кәсібилікті арттыратын шара болсын”- деп фестиваль шымылдығын аудан әкімі Д.Шамұратов сөз сөйлеп,ашып берді.
Фестивальдің бірінші қойылымын “Жарсуат”халық театры Е.Домбаевтың “Ар” драммалық шығармасымен ашып берді.Өнерпаздарымыздың өнері қалың көрермен көңілінен шыққанын өнер сүйер қауымның “Жарсуат” халық театрына білдірген кері байланысынан байқауға болады.Артынша фестивальді Құрманғазы ауданының “Орлы” халық театры,Дамбы ауылдық “Амангелді” халық театры,Мақат ауданының халық театрлары жалғастырды.23- тамызға қойылған графиктік кестесін Қызылқоға ауданының халық театры Е.Домбаевтың “Біздің ауылда қызықтар бола береді” комедиясымен аяқтады.
Ауданымызда осындай фестивальдерді өткізу арқылы театр өнеріне деген халық ықыласын арттырарымыз анық.
Айта кетсек фестиваль 24 ші тамыз күні де жалғасын табатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521