Кенттегі​ «Көктем» шағын ауданында 1292 пәтер салынады

«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды​ Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Индербор кентінің оңтүстік батыс бөлігінен ауданы 35 га болатын Көктем шағын ауданында 20 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл – 1292 пәтер деген сөз. Және 4 әлеуметтік нысан салу жоспарда. Аталған нысандар бойынша қазіргі уақытта 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үйдің, 4 қатарлы 48 пәтерлік төрт тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен қатар, инжнерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілуде. Бұдан бөлек, 5 қабатты 80 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысына мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалды» деп атап өтті спикер Мейірім Қалауи.

audan-akimaiimava

Қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша 13 жобаның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында Индербор кентіндегі «Көктем» шағын ауданындағы төрт қабатты 48 пәтерлік 4 тұрғын үй, 5 қабатты 80 пәтерлік бір тұрғын үй, Көктем қазақ орта мектебіне 80 орындық жапсаржай және ​ инженерлік ​ коммуникация, Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдарының құрылысы, Жарсуат ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы, 4 қатарлы 48 пәтерлік 4 тұрғын үйге дейінгі су және кәріз желісінің құрылыстары​ бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521