Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 1 қарашада «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы

Монеталар 2023 жылғы 3 қарашадан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталары туралы

TÁŃIRLIK TANYM монетасының дизайны тамыры – жер торлап, тәжі – аспан тіреп тұратын қиял-ғажайып өмір ағашы – «Бәйтерек» туралы аңызды бейнелейді. Ағаш басында тұратын қасиетті құс – Самұрық пен теректің тамырын мекен еткен Айдаһар – жаз бен қыс, күн мен түн алмасуының, жақсылық пен жамандық арпалысының мәңгілік нышаны.

TÁŃIRLIK TANYM жиынтық коллекциялық монетасы тантал қондырмасы бар күрделі технологиямен жасалған. Күміс сынамасы – 925/1000. Монетаның жалпы массасы 162,2 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

TÁŃIRLIK TANYM монетасының бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның Теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушы үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни, ҚҰБ шығаратын монеталар туралы ақпарат толықтай қамтылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.
www.nationalbank.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ
 Атырау филиалының қолма-қол ақшамен
                                      жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шығару туралы
Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 1 қарашада «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар 2023 жылғы 3 қарашадан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

TÁŃIRLIK TANYM коллекциялық монеталары туралы

TÁŃIRLIK TANYM монетасының дизайны тамыры – жер торлап, тәжі – аспан тіреп тұратын қиял-ғажайып өмір ағашы – «Бәйтерек» туралы аңызды бейнелейді. Ағаш басында тұратын қасиетті құс – Самұрық пен теректің тамырын мекен еткен Айдаһар – жаз бен қыс, күн мен түн алмасуының, жақсылық пен жамандық арпалысының мәңгілік нышаны.

TÁŃIRLIK TANYM жиынтық коллекциялық монетасы тантал қондырмасы бар күрделі технологиямен жасалған. Күміс сынамасы – 925/1000. Монетаның жалпы массасы 162,2 грамм, диаметрі 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, дайындау таралымы – 500 (бес жүз) дана.

TÁŃIRLIK TANYM монетасының бейнесі

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның Теңге сарайында дайындалды.

Пайдаланушы үшін «Қазақстан монеталары» мобильді қосымшасы да жұмыс істейтінін еске сала кетейік. Онда монеталарға қысқаша сипаттама беріліп, сериялар бойынша тақырыптық бөлімдерге бөлінген. Яғни, ҚҰБ шығаратын монеталар туралы ақпарат толықтай қамтылған. Жекелеген монеталар бойынша бейнероликтерге, монеталардың 3D-суреттеріне, сондай-ақ толықтырылған шынайылық элементтеріне сілтеме берілген.

Мобильді қосымшаны PlayMarket пен AppStore дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521