Карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулы шықты

Индер ауданы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы  Г.Уразалиеваның жаңа қаулысы жарық көрді.

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР-ның "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9,36,102,104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -293/2020 «Шекету іс шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгзілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» КР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11 маусымдағы № 27 қаулысына, ҚР-ның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 15 шілдедегі №15 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы», қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының өсуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Индер ауданы аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Аудандағы мекеме ғимараттарына, кәсіпкерлік нысандарға қызметкерлермен тұрғындардың міндетті түрде «Ashyq» жобасы арқылы кіруін қамтамасыз етілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері аудан аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы 2021жылғы 15 шілдедегі «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының талаптарына шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;

3.Индер ауданы аумағында төмендегі шектеу шараларын енгізу:

-көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- банкет залдарының, бар, караоке, компьютерлік және ойын клубтары қызметін тоқтата тұру; -мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда 15 баладан аспайтын ) кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

-мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметіне жұмыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;

-азық-түлік дүкендеріне сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс уақыты белгіленсін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс); супермаркеттер мен алкомаркеттер сағат 08.00 -ден – 22.00 дейін жұмыс уақыты белгіленсін. Ashyq» жобасына енген жағдайда жұмыс кестесі 09.00-ден 23.00-ге дейін белгіленсін.

-азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмысына рұқсат етілсін; сенбі, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынсын.

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер, ұялы байланыс дүкендері, ателье, кеңсе тауарлары, автобөлшектер, киимдер дүкені, фотосалондар), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Ashyq» жобасына енген жағдайда жұмыс кестесі 09.00-ден 19.00-ге дейін белгіленсін. Сенбі, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынсын.

-қоғамдық тамақтану объектілеріне, жазғы алаңдарға жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіле отырып, сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынсын.

- жағажай, «тұзды көл», карьерге суға түсуге, саябаққа баруға тыйым салынсын. 5. Индер аудандық ауруханасының басшысы қамтамасыз етсін:

- халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының орындалуын қамтамасыз етсін;

- стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға, медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

6.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

7.Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

8.Осы қаулы 2021 жылғы 29 шілде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Г.Уразалиева,

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521