Кандидатты жастардың жағдайы алаңдатады

 

Өңірлерде ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы жалғасуда.

Қостанайға келгеннен кейін кандидатты вокзалда плакаттармен әрі ұрандармен өңірлік сайлауалды штабтың өкілдері мен еріктілер жылы қарсы алды.

Үміткер алғаш барған орындардың бірі – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болды. Студенттер және оқытушылармен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді.

"Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі ол, бүгінгі таңда, жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады (ЕТЖ), яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрайтын болады. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни көргендеріңіздей айырмашылық 10 есе", - деді кандидат. Сонымен қатар үміткер лайықты өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мейрам Қажыкен Ахмет Байтұрсынов ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қазақ халқының көрнекті мемлекет, саяси және қоғам қайраткеріне ескерткіш 2000 жылы ашылған.

Анықтама үшін:

Ескерткіштің авторы – белгілі қазақстандық мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Төлеген Досмағамбетов.

2022 жылдың 5-ші қыркүйегінде ақын, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, педагог, қоғам қайраткері, қазақ ұлттық жазу өнерінің реформаторы, ұлт-азаттық қозғалыс көшбасшыларының бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы ғалым – А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды.
Ол 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521