Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін облыстық қоғамдық штаб жетекшісі Абдолла Ідірісов пен сенімді өкілдер - Өмірзақ Зинуллин, Мақсым Ізбасов, Сайын Қуанышев, Нұрлыбек Даралиев , Әлібек Наутиев, Балжан Досмұхамбетова ардагерлермен кездесіп, оларға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К. Тоқаевтың бағдарламасы түсіндірілді.

-Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын жүрек көзінен өткізіп жазғанын айтқан еді. Рас, осы бағдарламада көрсетілген әр қағида - халықтың шымбайына батып жүрген мәселелер. Азаматтардың әл-ауқатын арттырып, олардың өмір сүру сапасын жақсартуды қолға алу - кезек күттірмейтін мәселе. Сіздер бұған дейінгі барлық саяси мәселелерді көзбен көріп келесіздер. Егер ел боламыз десек, болашақтың жарқын болуын қаласақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауымыз керек деп ойлаймын. Әділет мемлекетте өмір сүруді, ұрпағының Әділетті қоғамда өскенін бәрі қалайды. Сондықтан алдағы саяси науқаннан қалмауға шақырамын,- деді штаб мүшесі Ә.Нәутиев.

-Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселелер аз емес. Оны бәріміз білеміз. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев сол түйткілді түйінді жүйелі әрі жедел шешуге бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Президенттік өкілеттігінің 7 жылында атқарылатын жұмыстардың тізбесі көңілге қонымды. Ауылдарды дамыту, ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлу, Әділетті экономика қалыптастыру секілді мәселелер расында жолға қойылуы керек,- деді штаб мүшесі Б.Досмұхамбетова.

Жиында ардагерлер өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Алдағы саяси науқан - сайлауға сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз