ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.
Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. Ол үшін бірқатар саяси реформаларды жүзеге асыру керек.
Реформалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек.
Сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет.
Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаев заңсыз баюға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Оның пікірінше, парақорлармен нәтижелі күрестің жалғыз жолы осы.
Кандидат Астанада сайлаушылармен кездесті
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 293