Каналдарға су жіберіліп жатыр

Индер ауданы ғана емес, барша әлемде ең бір жылы әрі қарсыз қыстың қаңтары өзгеге қайдам, шаруа қуған малшы қауым мен ауыл тұрғындарына жеңіл тимей тұр.

О сынау қымбатшылық пен бірге халықты қысқан қарасуық қыста қарды тапшы етіп, орнына қара топырақ пен шаң жұттырғанын бұрын-соңды ешбір білгіш, сәуегей де көрмек түгілі естімепті де. Ал жер-жерде өтіп жатқан тұрғындар жиындарында халық қолдағы малдарына азық болар жем-шөппен бірге олардың таңдайларын жібітер су өте қажеттігін айтып, дабыл қағуда.

Талап тиісті орындарға жетіп, аудан әкімі М.Қалауи «ҚазСушар» Индер өндірістік бөлімшесі алдына суы азайған Бағырлай мен «Алғабас-Жорық» каналдарына су айдап, котловандарды толықтыруды тапсырған еді. Аталған бөлімше басшысы Сайлау Байбосыновпен хабарласқанымызда, өрге су шығару үшін 12 қаңтардан бастап аудандағы үш каналдағы сорғылар қайтадан іске қосылып, су айдалып жатқанын хабарлады.

Бұл жұмыстың қаншалықты уақыт бойына жүргізілетіні әзірге белгісіз көрінеді.

С.БИСЕНОВ

Есбол ауылы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика