Кәмелетке толмағандар түнгі жүрісті тоқтатар емес

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үй жайдан тыс жерде болу фактілерінің жолын кесу мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилақтикалық іс-шара өтті.

Таяуда өткен шара барысында 7 құқық бұзушылық анықталып, 1 тұлға есепке алынды.

Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша- 1 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, іс Атырау облысы ауданаралық мамандандырылған сотына жолдануда.

ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) – 6 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ата-аналарына Индер АІІБ-мен жазбаша түрде ескерту берілді.

Г.Кубашева,

Индер АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ-ның

аға инспекторы полиция майоры

Сурет: дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521