Қалам тербеп жаздым ішкі сырымды...

Жанымды жегедей жейді, келеңсіздік .

Жазамын ондай сәтті өлең қылып.

Азып тұрған Туларымды көрген кезде.

Басқа шабады , қаным да , денем қызып.

 

 Әкімге де кіргенім айтып бұны.  

Тудың де қымбат емес , сондай пұлы ..

Бір бес мыңды сол Туға бөле алмай ма ?  

Неге неге тыңдамайды бұлар бізді.

 

 Көк Туымыз бозарып , кеткен азып.

Шаршамаймын мен де соны, айтып жазып.

  Азалы күнде түсірген көк Туымды.

Кім іледі орнына қайта барып .

 

Қайда қарайды саясатың іштегі.

 

Оқсамады жоғарғы жақ істері.  

Ұйқым қашты жан жүрегім сыздады.  

Алай дүлей арпалыста іштерім...

 

Мәзім Шотанқызы

 

Патриот болып өссін дедің өренім.  

Олар оны қай жерлерден көреді ?  

Патриот емес ағай апай алдында.  

Оларға сол көк тудың да болмағандай керегі..  

 

Мектебінің маңдайында тұр Туым.  

Көрсетемін  оның сізге сол түрін.

Боп бөз болып, байғұс туым салбырайды.  

Жел мен күн  шығарыпты бар жүнін..

 

Патриот бол деп қоямыз.балаға.

Сөилемейік біздер ығып далаға.  

Ең бірінші өзімізді дұрстайық.  

Ой түзелсін, іс түзелсін, санада...

Көз көргенің, кесеу істер түрткенін.    

Ойлан қазақ, оян қазақ жан жағыңа қара да..

 

Мәзім Шотанқызы.

 

 

Қал жағдайды сұрадың, айтайын мен.

 Шүкір шүкір қара баста, терезем тең.

 Елдің қамын ойлаймын , жердің қамын

.Адамдар көп болса деп пейілі кең..

 

Тарылғандай бүгінде сол пейілің.

Қамын ойлайды, қара бастың ,үиінің.

Хатқа жазам  сол жөнінде  таңдарда.

Шығарып сол , ішімнің  бар күйігін.

 

Ел ертеңі не болады, болашақ.

Соны ойлаймын отырғанда оңаша.

Тіл таза емес, ділің және тілің де.

Қанын қуып, шал шегіп жүр анаша..

 

Жан жүрегім соны көріп ауырды.

Сағынады көз көргенді, бауырды.

Біреу сезеді, біреулері көрмейді.

Ішімдегі алай дүлей дауылды....

 

Мәзім Шотанқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521